Жаңалықтар

23 маусым 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шабыт» шығармашылық сарайымен танысты.
23.06.10

Жаңа ғимаратқа Қазақ ұлттық музыка академиясының базасында құрылған Қазақ ұлттық өнер университеті орналасқан.

Жоғары оқу орны қайта құрылымдаудың нәтижесінде көп салалы жоғары оқу орнына айналды. Мұнда сценография, өнертанушы, хореграфия, бейнелеу өнері, сәулет өнері, операторлық өнер және өзге де жаңа шығармашылық мамандықтар оқытыла бастаған.

Президент жаңа аудиторияны, кинотелестудияны, көркем және хореографиялық залды, балет класын аралап көрді. Одан кейін осында Қазақ ұлттық өнер университетінде оқитындардың ұйымдастыруымен шағын концерт қойылды.

Нұрсұлтан Назарбаев профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді жаңа қоныстарымен құттықтады. Оқуда және шығармашылықтарына табыс тіледі.

- Бұл ғимаратты шығармашылық шабыт тербеп тұрсын. Университеттің қабырғасынан біздің Отанымыздың атын шығаратын талантты қазақстандықтар шығады деп үміттенемін, - деді Президент.           


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар