Кездесу кезінде сауда, көлік, өнеркәсіп салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және Монғолия экономикасына қазақстандық инвестицияны тарту мәселелері талқыланды.
-Біз Қазақстанның даму тәжірибесінен үйренгіміз келеді және Сіздердің елдеріңіздің алға қойған асқақ мақсаттарына қол жеткізуін тілеймін, - деді Намбарын Энхбаяр.
Ол сондай-ақ Қазақстан Президентін үстіміздегі жылдың шілдесінде өтетін Монғолия мемлекеттігінің 80 жылдық мерекесіне шақырды. Мемлекет басшысы өзінің жұмыс кестесі тым тығыз болуына байланысты аталған іс-шараларға қазақстандық делегацияның қатысатынын айтты.
Монғолия Президенті өз елінің Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға мейлінше мүдделі екенін жеткізді.