Жаңалықтар

3 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шкода-авто» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Детлеф Виттигті қабылдады.

Кездесу кезінде Қазақстанда машина жасау өндірісін дамыту және елімізде «Шкода-авто» компаниясының қызметін кеңейту мәселелері талқыланды.

- Былтырғы жылдың қазан айынан бері біз Өскеменде «Шкода-Октавия» автомобилін құрастыруды бастадық. Бүгінгі таңда бізде 700-ге жуық автомобиль құрастырылды және біз осы автомобилдердің сапасына көңіліміз әбден толады. Бұдан әрі біз дамудың келесі сатысына өтіп, биылғы жылғы жаздың соңына таман “Superb” автомобилдерін құрастыруға көшуді жоспарлап отырмыз. Әлбетте, аталған саланы дамыту үшін бізге қосымша инвестициялар қажет. Бұл мәселені, атап айтқанда кедендік алымдар жөніндегі мәселені біз Президентпен бірлесе талқыладық,- деді Д.Виттиг журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар