Жаңалықтар

7 мамыр 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев С.Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас ұлан» мектебінде болды.
big-01.jpg

Президент ұландықтарды Отан Қорғаушылар күнімен құттықтап, жақсы оқып, болашақта білікті офицер, генерал болуды тіледі.


Мектеп оқушылары Мемлекет басшысына «Жас ұлан» төсбелгісін тапсырды.


Содан кейін Президент балалар оқитын бөлмелерді, жүзу бассейнін, спорт залын, асхананы аралап көрді.


Республикалық «Жас ұлан» мектебі тәрбиеленушілерді 5-ші ден 11-сыныпқа дейін оқытатын жалғыз әскери-оқу мекемесі. Мұнда мектепте оқытылатын пәндермен қатар тактика, байланыс негіздері, саптық даярлық, жалпы-әскери жарғы сияқты әскери пәндер меңгеріледі.


Республикалық «Жас ұлан» мектебінің түлектері Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресей, Түркия және Германияның беделді әскери оқу орындарында білім алады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар