Жаңалықтар

20 мамыр 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.
208.jpg

Кездесу кезінде ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің бұған дейін қабылданған Шешіміне сәйкес Владимир Путин Кеңес төрағасы өкілеттігін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырды.

Мемлекет басшылары отын-энергетикалық кешендегі, көлік және коммуникациялар мен әскери-техникалық салалардағы, қорғаныс өнеркәсібіндегі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар ТМД, ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт ұйымы және Азиядағы Өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

 

-Біз таяуда ғана Мәскеуде кездестік, сол уақыттан бері де біздің ынтымақтастығымызды барынша бекіте түскен айтарлықтай оқиғалар болды. Бұл – көлік, энергетика салалары мен басқа да, атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі маңызды бағыттардағы өзара іс-қимылдарға қатысты,-деді Ресей Президенті журналистерге арналған брифингте.

 

Қазақстан басшысы екіжақты қарым-қатынастар дамуының оң серпінін атап өтті.

 

-Менің соңғы ресми сапарым барысында біз, әсіресе, көлік, энергетика салаларындағы ынтымақтастық, әскери-саяси өзара қарым-қатынастар бойынша нақты тапсырмалар бердік. Аталған барлық бағыттар бойынша үлкен жұмыстар атқарылды,-деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар