Жаңалықтар

16 маусым 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Таиланд Корольдігінің Премьер-Министрі Таксин Шинаватраны қабылдады.

Кездесу кезінде экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Т.Шинаватра АӨСШК-тің ІІ саммитіне қатысуға шақырғаны және Таиландтың БҰҰ-ға төрағалық ету кандидатурасына Қазақстанның қолдау көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа өз алғысын білдірді.

 
- Өз кезегінде біздің еліміз Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі және басқа да халықаралық бастамаларына қолдау көрсетіп келеді. Біз екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту үшін Қазақстанға таиландтық бизнесмендер делегациясын жіберуді жоспарлап отырмыз, - деді Таиланд үкіметінің басшысы журналистерге арналған брифингте.

 
Ол сондай-ақ Таиланд Корольдігі 2008 жылы Қазақстанда өз елшілігін ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар