Жаңалықтар

3 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тбилисидегі «Иверия» қонақ үйін қайта қалыпқа келтіру жұмыстарының басталуына арналған салтанатқа қатысты. Құны жүз миллион доллар тұратын аталған инвестициялық жоба Тұран Әлем банкі арқылы жүзеге асырылмақ.

- Бұл кешен біздің достығымыздың символына айналсын және келесі келетін инвесторлар үшін жақсы істің ишараты болсын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

  

Түстен кейін Қазақстан Президенті Грузияның бірлігі үшін күрес жолында қаза болғандардың мемориалына гүл шоқтарын қойды, біздің дәуіріміздің алтыншы ғасырында салынған кресті сопыхана мен Грузияның мемлекеттік мұражайын аралап көрді. Мұражайда Грузия мен Кавказдың материалдық және рухани мәдениетінің бірегей ескерткіштері орналасқан.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар