Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 мамыр 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында өткен Отан қорғаушылар күні мен екінші дүние жүзілік соғыстағы Жеңістің 65 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысты.
02

Салтанатты жиналыс алдында Қазақстан Президенті соғыс ардагерлерінің бір тобымен кездесіп, оларға Ұлы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне мерекелік медальдарды, сондай-ақ Астанада тұратын ардагерлерге жаңа пәтердің кілттерін тапсырды.
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы алапат соғыстан аман қайтқан ардагерлер соғыстан кейінгі кезеңде де елімізді қалпына келтіруге, Қазақстанды аяғынан тік тұрғызуға, мемлекетіміздің дамуына зор үлестерін қосқанын атап өтті.
- Сіздер – сұрапыл соғыстан аман-есен келіп, Қазақстанның тәуелсіздігін көріп, бүгінде балаларыңыздың назарын өздеріңізге аударып, қамқорлыққа бөленіп отырған буынсыздар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсету мемлекеттің маңызды міндеті екенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Жеңіс мерейтойына орай, әрбір соғыс ардагері мен мүгедегіне бюджеттен 65 мың теңге біржолғы көмек ретінде төленді. Мемлекет ардагерлердің соғыс кезінде ерлік көрсеткен жерлерге баруы үшін жеңілдік жолақысын қамтамасыз етуге 383 миллион теңге бөлді.
Нұрсұлтан Назарбаев барлық ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады, оларға мықты денсаулық және шуақты ғұмыр тіледі.
Өз кезегінде ардагерлер Президентке өздеріне көрсеткен қамқорлығы, сондай-ақ барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаты үшін алғыс айтты.
Одан кейін Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтіп, мерекелік концертке ұласты. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар