Президент Д. Қасейіновті ТҮРКСОЙ-дың бас директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Ол түркі тілдес мемлекеттердің халықаралық ұйымын басқарған алғашқы қазақстандық болып отыр. Н. Назарбаев бұл Қазақстанның халықтар мен түркі тілдес кеңістіктегі елдер арасындағы өзара іс-қимылының ауқымды дамуына қосқан үлесін бағалаудың нәтижесінде жүзеге асты, сондай-ақ біздің еліміздің әлемдегі рөлінің арта түскені, деп атап өтті. Мемлекет басшысы ұйымдастыру саласындағы жұмыстарды кеңейту және оны сапалы жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында Д. Қасейінов Президентті ТҮРКСОЙ-ға Қазақстанның төрағалық еткен алты айдың ішінде атқарылған жұмыстар жайынан және Ұйымды дамыту келешегінен хабардар етті.
Бас директор ТҮРКСОЙ-ды (Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту ұйымы) құру және қызмет көрсету принциптері туралы Шартқа Алматы қаласында 1993 жылы 12 шілдеде қол қойылғанын еске салып өтті.
– Сол уақыттан бері және бүгінде де Мемлекет басшысы Ұйымның қызметіне қызығушылық танытып келеді және оны үнемі қолдап отырады,- деді Д. Қасейінов журналистерге арналған брифингте.