Жаңалықтар

28 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі монументінің ашылу рәсіміне қатысты.

140.jpg

141.jpg

- Біз тұңғыш рет шетелде Қазақстанның Тәуелсіздігі монументін ашып отырмыз. Біз егеменді Қазақстан символының біріне айналған осы ескерткіштің Америка Құрама Штаттары астанасында орнатылғанын мақтаныш тұтамыз. Біздің халқымыздың бостандық пен тәуелсіздікке ұмтылысын бейнелейтін осы тамаша ескерткіш Қазақстан мен АҚШ-ты ортақ мұраттарға негізделген берік достық пен стратегиялық әріптестік байланыстары біріктіретінінің тағы да бір жарқын куәсі болсын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев монументті ашу кезінде.

 
Рәсім кезінде сөз сөйлеген АҚШ-тың Энергетика министрі С.Бодман былай деді:

 
- Монументтің ашылу рәсіміне қатысу – мен үшін үлкен құрмет. Мен биылғы жылдың басында Астанада болдым, Бәйтеректің басына шығып, көзім көрген ғажайыптарға таң-тамаша қалдым. Тәуелсіздік дегеніміз – сыйлық емес, қол жеткізілген табыс. Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз астанасын көшірді, кезінде мемлекет негізін қалаушылар АҚШ-та да астананы Потомака жағалауына көшірген болатын. Біздің мемлекеттеріміз бостандық негізінде өсіп-өркендеуге ұмтылады. Осының арқасында біздер дос әрі одақтас болып отырмыз. Біздің одақтастығымыз көзқарастарымыздың ортақтастығына негізделген. Осы монумент берісін айтқанда, біздің мұраттарымыздың ортақтығы, арысын айтқанда, тіпті, достығымыз туралы да әрдайым есімізге салып тұрады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар