Жаңалықтар

19 маусым 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның жоғары наградасы – Үлкен лентадағы Хризантема (Бақытгүл) орденімен марапатталды.
big-01Eg 01 - Император.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапары Император Акихитомен кездесуден басталды.


Жоғары мәртебелі Акихито Н.Ә.Назарбаевты өз Сарайының оңтүстік қақпасында күтіп алды. Бұл Императордың Қазақстан басшысына деген ерекше құрметін білдіріп қана қоймай, Жапонияның Қазақстанмен ынтымақтастық қарым-қатынастарға ерекше маңыз беретінін аңғартады.


Мемлекет басшылары жеке әңгімелесті. Әңгіме барысында көкейкесті халықаралық мәселелер, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жолдары туралы пікір алысты.


Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды Жапонияның әлеуметтік-экономикалық даму табыстары ерекше таң қалдырғанын айтып өтті. Бүгінде Қазақстан индустриалды-инновациялық бағдарламаларды іске асыруда, осы негізде технологиялық тұрғыда аса дамыған Жапониямен әріптестіктің біз үшін маңызы зор болмақ.


Қазақстан Президенті Императордың тікелей өзінің екі халық арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудағы үлесін ескере отырып, Жоғары мәртебелі Акихитоны Қазақстанның ең мәртебелі мемлекеттік наградасы ­– “Алтын Қыран” орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.


Өз кезегінде Император ядро­лық қарусыздану ісіндегі аса көр­некті үлесі, халықаралық бейбіт­шілік пен қауіпсіздікті нығайту және толеранттылық пен ұлтаралық үйлесім жөніндегі жаһандық бастамалары үшін Президент Н.Ә.Назарбаев Жапонияның жоғары мемлекеттік наградасы ­– Үлкен лентадағы Хризантема (Бақытгүл) орденімен наградталғанын хабарлады.


Президент Н.Ә.Назарбаев Императорды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар