Жаңалықтар

12 тамыз 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Соттың Төрағасы Мұсабек Әлімбековты қабылдады.

М.Әлімбеков Мемлекет басшысына республикадағы сот төрелігі жүйесінің жағдайы туралы баяндады. Атап айтқанда, азаматтық істер бойынша сот төрелігінің орнын толтыруды қалпына келтіру қағидатын іске асыру жайы қозғалды.

Кездесу барысында сондай-ақ алдағы уақыттағы құқық саласындағы өзгерістер, Қазақстанның Жоғарғы Сотының Еуропа мен Азия елдерінің соттарымен өзара іс-қимылы туралы әңгіме болды.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар