Жаңалықтар

19 желтоқсан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты.
02

Отырыс барысында Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық үдерістерді одан әрі кеңейтудің және тереңдетудің өзекті мәселелерін талқылады. Үш елдің мемлекет басшыларының кездесуі еуразиялық экономикалық ықпалдастық үдерісіндегі маңызды кезеңге айналатын болады.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық ықпалдастықты тереңдетудің пайдасына таңдаудың дұрыс болғанын атап өтті. Осы жылдар ішінде Қазақстанның ықпалдастық үдерістерге қатысуы қазақстандық сыртқы саясаттың басты басымдықтарының бірі болды. Сондықтан екі жылдан бері Кеден одағы аясында бірыңғай сыртқы сауда саясатын жүзеге асырылып келеді. Кеден одағын қалыптастыру – Үкімет пен бизнес қоғамдастығынан бірлескен іс-қимылды талап еткен және талап ете беретін күрделі үдеріс.

Мемлекет басшысы келесі жылы іс жүзінде Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК) қалыптастыру кезеңі басталатынын атап өтті. Үш елдің бірқатар өкілеттіктері ұлттық деңгейден жоғары тұрады. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап БЭК-тің келісімінің күшіне енуі тауарлар және қызметтермен қатар капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін толыққанды бірыңғай құқықтық алаңды құруға мүмкіндіктер туғызады. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап бір мезгілде ЕурАзЭҚ Соты жұмыс істей бастайды. Ол ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және БЭК аясындағы тиісті шарттар мен келісімдердің орындалуы, сондай-ақ экономикалық дауларды қарастыру жөніндегі ауқымды өкілеттіктерді иеленеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы декларацияда Еуразиялық экономикалық одақты құруға қадам басудағы ұмтылыс туралы мәлімделгенін атып өтті. Ол тең құқылық, ерікті және өзара тиімді қағидаттарға негізделетін болады. Алда БЭК жөніндегі келісімдерді іске асыруға байланысты мәселелердің кең ауқымы бойынша шешім қабылдау міндеті тұр.

Отырыстың қорытындысы бойынша кедендік баж салығын төлеуді, кедендік тасымал рәсімдеріне сәйкес тасымалданатын таураларға қатысты салықты, кедендік баж салығын, салықты өндіріп алу ерекшеліктері және 2010 жылғы 21 мамырдағы мұндай тауарларға қатысты өндірілген соманы аудару тәртібін қамтамасыз етуді қарастыратын кейбір мәселелер туралы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қаржы құралдарын және (немесе) қолма-қол ақшаны ауыстыру кезінде терроризмді қаржыландыру, және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (ақшаның ізін жасыруға) қарсы әрекет ету туралы Шарт қабылданды. Сондай-ақ отырыста Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысының басталуы үшін қажетті - Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа төрағасын тағайындау, дербес құрамын бекіту және Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшелері арасындағы міндеттерді бөлісу, Еуразиялық экономикалық комиссияның департаменттерінің саны туралы шешім қабылданды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар