Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 қыркүйек 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді.

01

02

03

Президент Атыраудағы «Флоусерв-Қазақстан» насос жабдықтарын жөндейтін сервис орталығында болды. Жобаның жалпы құнының 2,5 млрд. теңгесі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске асырылды және «АтырауНефтеМаш» ЖШС-нің машина жасау зауытының аумағында орналасқан. Орталықта өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін насостар мен арматураларға жедел қызмет көрсеуге және жөндеу жұмыстарына қажетті жабдықтар орналасқан. Орталықта тік және көлбеу түрдегі насостар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қызмет көрсету үшін жағдай жасалынған. «Флоусерв» корпорациясы әлемнің 56 елінде жұмыс істейді. Ол сұйықтық пен газды айдауға, сондай-ақ олардың ағынын басқаруға байланысты қызмет көрсететін және әлемдік деңгейде жетекші өнімдер тасымалдаушының бірі болып табылады.

Сервистік орталықты аралау барысында Мемлекет басшысы өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

Мемлекет басшысы «Медикер» жеке меншік медициналық орталықтың жұмысымен танысты. 2000 жылы құрылған «Медикер» ЖШС ірі республикалық медициналық компания болып табылады. Негізгі қызмет түрі – ауруға байланысты ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша медициналық қызметті, ақылы медициналық қызмет көрсетуді, дәріхананы, емдеу-сауықтыру және медициналық орталықтарды ұйымдастыру. 2011 жылы Атырауда жалпы аумағы 5236 шаршы метр болатын медициналық орталықтың жанынан емдеу-сауықтыру орнының ғимаратына жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңа мекеме «Бизнестегі жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз қаражатыы тарту арқылы құрылды. Жобаның құны – 1,5 млрд. теңге. Атыраудың орталығында ауысымына 500 адам келіп қаралатын емхана, терапия стационары мен хирургиялық профильдегі 24 төсектік терапия блогын салу көзделген. Амбулаториялық-емханалық көмек, профилактикалық тексерістер қызметі, стоматологиялық көмек көрсетіліп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін болады.

Президент Каспий теңізінің «Қашаған» кен орнындағы «Д» жасанды аралында болды. «Д» аралы – Атыраудан 85 шақырымда орналасқан өндірістік нысан. Оның құрылысыны 3,5 млн. тоннаға жуық тас пайдаланылған. Нысан тәулігіне 450 мың баррельге дейін мұнай өңдеуге есептелінген, екі тәуелсіз технологиялық желіден тұрады. Аралда кемені қоса алғанда 5430 адам жұмыс істейді. Мұнда «Шапағат» және «Қарлығаш» тұрғын үй блоктары орналасқан, екі бұрғы және электрогенераторлық қондырғы, өндірістік-технологиялық бөлме, апатты жағдайда көшіру үшін мұзжарғыш кеме мен жағада кеме аялдайтын орын бар. Нысан қыс кезіндегі мұз қозғалысынан қорғалған және үш құбыр желісімен Батыс Ескен жерүсті өндірістік кешенімен жалғасқан. Кешен Қашағанды игерудің бірінші кезеңі үшін теңіз нысанын біріктіреді. Жобаны іске асыру шарасы барысында жер үсті нысандары мен құбыр желісі жүйесін өзара жалғастыратын жаңа арал салынатын болады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар