Жаңалықтар

4 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Эстония Республикасының Президенті Тоомас Хендрик Ильвес құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелім,

Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты Сізге өз құттықтауымды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның халқына шын ниетті тілегімді білдіргім келеді.

Біз өз елдеріміздің арасында орныққан тамаша екі жақты қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған біздің бірлескен қызметімізді жалғастыра беретінімізге сенемін.

Эстония Республикасының Президенті

Тоомас Хендрик Ильвес


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар