Жаңалықтар

4 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Француз Республикасының Президенті Николя Саркози құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Мен Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздің өкілеттігіңізді 2020 жылға дейін ұзарту мақсатын көздеген референдум жобасына қарсылық білдірген Конституциялық Кеңестің пікірін ескере отырып, Сіз өткен жылы Қазақстан үлкен табыспен төрағалық еткен ЕҚЫҰ-ның құндылықтарын ұстанатыныңызды көрсеттіңіз.

Мен Сіздің жаңа қызметте өз жұмысыңыздың басым бағытының бірі саяси реформаға жаңа қуатты серпіліс беру болып табылатынын білемін. Біздің мазасыз әлемде біз реформа біздің халықтарымыздың үміті мен көңілін қанағаттандыру үшін қажет екенін анық түсінеміз.

Өз тарапымнан, мен Қазақстанның әлемдік аренада өсіп келе жатқан танымалдығын назарыма ала отырып, осы тақырыпқа және өзге де маңызды халықаралық тақырыптарға арналған диалогты жалғастыруға қуанышты болған болар едім. Сондай-ақ Сіздің еліңіз биылғы жылы Ислам Конференциясы Ұйымының Министрлер Кеңесіне төрағалық ететіні сөзіме мысал болса керек.

Биылғы жылы Үлкен Жиырмалыққа төрағалық ете отырып, өз басым біз талқылауға тиісті маңызды мәселелер бойынша Қазақстанның үнін естігім келеді. Атап айтқанда, бұл қаржылық даму мәселесі және халықаралық валюта жүйесі, сондай-ақ шикізат нарығы. Франция сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестікті күшейту жөніндегі жаңа Келісімнің қорытындысын қолдауға дайын.

Өзіңіз білетіндей, мен біздің елдерімізді біріктіруші, Стратегиялық серіктестік туралы Келісім аясында біздің екі жақты қарым-қатынастарымызды дамытуға өте үлкен мән беремін. Жүзеге асыру сатысындағы немесе талқылаудағы барлық маңызды жобалар, бір ортақ мақсатқа – Сіз бастап жүзеге асыра бастаған маңызды индустриализация мен инновация бағдарламасына біріктірілген.

Президент мырза, Сізден өзіңізге деген зор құрметімді қабыл алуыңызды өтінемін.

Француз Республикасының Президенті

Николя Саркози


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар