Жаңалықтар

13 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Италия Республикасының Президенті Джорджо Наполитано құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Италия халқының және жеке өз атымнан Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты шынайы құттықтауымды білдіруге рұқсат етіңіз.

Өткен жылдарда Сіздің еліңіз Италия энергетикалық және өзге секторларда дамып келе жатқан жіті ынтымақтастық арқылы көмектесуге қуанышты болатындай қуатты экономикалық өсімге қол жеткізді.

Сізге Жоғары Мәртебелі ең игі тілектер және достас Қазақстан халқына гүлдену тілеймін.

Италия Республикасының Президенті

Джорджо Наполитано

Рим, 2011 жылғы 8 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар