Жаңалықтар

4 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Корей Республикасының Президенті Ли Мён Бак құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Корей Республикасының үкіметі мен халқы атынан Қазақстан Республикасында өткен президенттік сайлаудың өтуімен құттықтаймын.

Сіздің жеңісіңіз – қазақстандық мемлекетті дамытуға бағытталған Сіздің көрнекті саясатыңызды халықтық қолдаудың нәтижесі. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанда үдемелі экономикалық өсім жалғасын табатынына сенемін.

Сізге Қазақстан мен Корей арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудағы баға жеткізгісіз үлесіңіз үшін терең ризашылығымды білдіремін. Сіздің саясатыңыздың арқасында біздің елдеріміздің барлық саладағы достығы нығая түсетініне шын ниетіммен сенемін.

Сізге денсаулық пен игілік, Сіздің еліңізге бейбітшілік пен тыныштық тілеймін.

Шын ниетті тілекпен,

Корей Республикасының Президенті

Ли Мён Бак


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар