Жаңалықтар

6 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Люксембург Ұлы Герцогтігі Премьер-Министрі Жан-Клод Юнкер құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне Сіздің қайта сайлануыңызға байланысты Сізді шын жүректен құттықтауға, сондай-ақ Сіздің жоғары қызметіңізде жаңа жарқын істер мен жетістіктер тілеуге рұқсат етіңіз.

Сізбен бірге біздің елдеріміз бен біздің халықтарымыз арасындағы достық байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты күшейтуге ұмтылатынымызға қуаныштымын. Мен үшін екі жақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді Сізбен талқылау мүмкіндігіне ие болу үлкен құрмет.

Люксембург Ұлы Герцогтігі Премьер-Министрі

Жан-Клод Юнкер

Люксембург, 2011 жылғы 4 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар