Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Македония Республикасының Президенті Георге Иванов құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Сіздің Қазақстан Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты өзімнің шын жүректен шыққан құттықтауымды жолдау мен үшін үлкен құрмет және ерекше қанағаттанушылық сезімін тудырады.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы достықты одан әрі дамытуға және нығайтуға деген сенімімді атап өткім келеді. Бірлескен күш-жігерімізді жұмсай отырып, біз Македония Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту үшін мүмкіндіктерімізді одан әрі пайдалануға өз үлесімізді қосатынымызға сенемін.

Македония Республикасының Президенті

Георге Иванов

Скопье, 2011 жылғы 5 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар