Жаңалықтар

6 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,

Таяуда болып өткен сайлаудың нәтижесі Қазақстан халқының Сізге деген сенімі мен қолдауының жоғары екендігінің айқын көрінісі.

Көреген саясаткер және басшы ретіндегі Сіздің бай тәжірибеңіз бұдан былай да Қазақстан мүддесіне, біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы достық және тату көршілестік қатынастарды нығайтуға қызмет ете беретініне сенемін.

Өзбекстан Республикасының Президенті

Ислам Каримов

Ташкент, 2011 жылғы 5 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар