Жаңалықтар

19 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Сербия Республикасының Президенті Борис Тадич құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза,

Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға орай, Сізді Сербия Республикасы халқының және жеке өз атымнан шын жүректен құттықтаймын және ең ізгі тілегімді білдіремін.

Біздің жоғары деңгейдегі өзара әрекеттесуімізді достастық және өзара түсіністік рухы негізінде әрі қарай бірлесіп серіктесу мақсатында жалғастыратымызға сенімдімін.

Сербия Республикасының Президенті

Борис Тадич


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар