Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Словакия Республикасының Президенті Иван Гашпарович құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелі,

Сіздің Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне сайлануыңызға байланысты менің құттықтауымды қабыл алыңыз.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, өткен жылы Астанадағы біздің келіссөздеріміз барысында жаңа жағымды серпін берілген словакиялық-қазақстандық сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға деген қызығушылығымды қуаттағым келеді.

Словакия Республикасының Президенті

Иван Гашпарович

Братислава, 2011 жылғы 5 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар