Жаңалықтар

13 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Бахрейн Королі Хамад ибн Иса әл-Халифа құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Президент мырза,

Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен Сізге және Өзіңізге үлкен сенім білдірген Қазақстан халқына шынайы құттықтауым мен тілегімді жолдауға рұқсат етіңіз.

Біздің халықтарымыздың игілігі үшін біздің достас елдеріміз арасындағы жақын және сенімді қатынастардың одан әрі дамтитынынан үміттімін.

Бахрейн Королі

Хамад ибн Иса әл-Халифа


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар