Жаңалықтар

6 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежад құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелі,

Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын ниетіммен құттықтаймын.

Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық келешекте де табысты дами беретініне сенемін.

Сізге мықты денсаулық және табыс, Қазақстан халқы мен еліне – бақыт пен игілік тілеймін.

Иран Ислам Республикасының Президенті

Махмуд Ахмадинежад


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар