Жаңалықтар

6 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Сильвио Берлускони құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Аса құрметті Президент, қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы,

Сізді Қазақстан Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сайлаудың нәтижесі Қазақстан халқының Сізге деген жоғары сенімі мен сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.

Сізге қазақстандықтардың игілігі жолында табысты еңбек және халықаралық аренада Сіздің еліңіздің беделі мен рөлі одан әрі арта беруін тілеймін.

Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы

Сильвио Берлускони


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар