Жаңалықтар

4 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелім!

Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты Сізге игі тілегім мен шын жүректен құттықтауымды жолдаймын.

Сіз Мемлекет басшысы болған сәттен бастап, Жоғары Мәртебелім, елде қоғамдық тұрақтылық сақталуда және экономика жоғары қарқынмен өсті, халықтың әл-ауқаты үздіксіз жақсарды, Қазақстанның халықаралық жағдайы едәуір нығая түсті. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқы жаңа, мемлекеттің дамуы мен көтерілуі ісінде айтарлықтай табыстарға жететініне сенемін.

Қытай мен Қазақстан тату көрші, жақсы достар және сенімді серіктестер болып табылады. Дипломатиялық қатынастар орныққан 19 жылдан бері біздің елдеріміз арасындағы қатынастар жағымды сипатта дамуда. Саяси салада өзара құрмет және жоғары деңгейде өзара сенім, ал экономикада өзара тиімді әрі бірлескен дамудың негізінде ынтымақтастық орныққан. Әртүрлі салаларда үздіксіз тәжірибе алмасулар кеңейіп, ынтымақтастық атап өтілуде, көпжақты байланыстар аясында тығыз өзара іс-қимыл мен үйлестіру қолдау табуда. Қытай тарабы біздің елдеріміз арасында бұрынан келе жатқан достық қарым-қатынастарды жоғары бағалайды. Мен Сізбен бірлесе отырып, Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарындағы стратегиялық серіктестікті біздің елдеріміз бен халықтарымыздың иігілігі үшін тағы да едәуір жоғары деңгейге көтеруге шаршамастан күш-жігерімді салуға дайынмын.

Сізге, Жоғары Мәртебелім, мықты денсаулық және қызметте табыс тілеймін.

Қазақстан Республикасына қуаттылық және гүлдену, Қазақстан халқына – бақыт пен игілік тілеймін.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы

Ху Цзиньтао

Бейжің, 2011 жылғы 4 сәуір.               


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар