Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Латвия Республикасының Президенті Валдис Затлерс құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелі,

Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға байланысты менің құттықтауымды қабыл алыңыз.

Біздің халықтарымыздың болашақтағы игілігі жолында біздің елдеріміз арасындағы екі жақты қатынастар өз дамуын жалғастыруы үшін Сізге алдағы қызметіңізде табыстар тілеп, сенім білдіргім келеді.

Латвия Республикасының Президенті

Валдис Затлерс

Рига, 2011 жылғы 5 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар