Жаңалықтар

6 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Оман Сұлтаны Кабус бен Саид құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелі,

Сізді Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің халықтарымыздың игілігі үшін Қазақстан мен Оман Сұлтанаты арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға деген біздің шынайы ұмтылысымызды тағы да қуаттағымыз келеді.

Оман Сұлтаны

Кабус бен Саид


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар