Жаңалықтар

17 мамыр 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Францияның экс-президенті Николя Саркозиден жауап хат келді.

«Мен өз ісімді жалғастырушы Франция мен Қазақстан арасындағы тамаша әріптестікті дамытады деп шын ниетіммен тілеймін. Бұл президенттік мандатым арқылы қол жеткізген маңызды жетістіктің бірі екенін өте мақтан етемін. Біздің елдеріміз арасындағы тиімді ынтымақтастық Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде танытып, оның халықаралық аренадағы позициясын нығайтқан Сіздің мемлекет қайраткері ретіндегі көрегенділігіңіз бен бірегей қасиетіңіздің арқасында мүмкін болды», - деп атап өткен Николя Саркози.

Сонымен қатар Францияның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өзі өте бағалайтын достық қарым-қатынастарын сақтауға және нығайтуға деген ниетін білдірген.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар