Жаңалықтар

25 тамыз 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасуда.

02

03

Президенттің жұмыс сапары бағдарламасының екінші күні Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы егін алқабын аралауымен басталды. Аралау барысында Мемлекет басшысы егін егудің жай-жапсарымен және «Раскөл» ЖШС-нің жинау жұмыстары барысымен танысты.

Президент сапарының бағдарламасы «Қазақтелеком» АҚ тұсаукесерін жасаған жаңа жобамен танысуымен жалғасын тапты. Мемлекет басшысына EV-DO технологиясын қолдану арқылы Интернет желісіне сымсыз кең ауқымды қолжетімді қызмет көрсету жөніндегі жоба таныстырылды.

EV-DO технологиясы әртүрлі салаларда пайдаланылуда. Қазіргі уақытта қолданылатын технологиямен салыстырғанда, EV-DO технологиясы мәліметтерді жердегі коммуникациялық арнаға жалғамастан едәуір жоғары жылдамдықта беруімен ерекшеленеді.

Одан кейін облыс әкімі Мемлекет басшысына Қостанай облысында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтты.

Осында Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жетекшілерімен кездесті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар