Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркіменстанға арнайы сапары аяқталды.

Бүгін Түркіменстанға арнайы сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты және мемлекет басшылары аллеясына тал отырғызды.


Мемлекет басшысы, сонымен қатар, Түркіменстанның Тұңғыш Президенті Мавзолейіне гүл шоғын қойды және Cапармұрат Ниязовтың отаны Қыпшақ ауылындағы мешітте болды.


Осы күні Нұрсұлтан Назарбаев Ашхабадтағы Түркменияның Тұңғыш Президентінің музейін аралап шығып, Құрметті қонақтар кітабына жазба жазып қалдырды.


Кейінірек Мемлекет басшысы ат спорты кешенінде болды. Онда Мемлекет басшысын түркіменбашы Гурбангулы Бердымухаммедов қарсы алды. Мемлекет басшыларына ең үздік Ахалтеке жылқылары мен жігіттік өнердің шеберлігі көрсетілді.


Президент Гурбангулы Бердымухаммедов құрмет ретінде және достық белгісі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа Керимлидаг атты төрт жасар Ахалтеке жылқысын сыйға тартты.



Осы күні Қазақстан Президенті Тәжікстанға ұшып кетті. Душанбе қаласының аэропортында Қазақстан лидерін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Іссапардың ресми іс-шаралары ертең басталады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар