Жаңалықтар

2 қыркүйек 2009
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Әкім Президентке Павлодар облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы, астықты жинау, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру, «Жол картасының» орындалу барысы туралы баяндады.

Атап айтқанда, осы бағдарлама аясында белгіленген 100 шақырым жол жөндеуден өтті және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында коллекторлар, су және жылу сымдарының тұрбалары ауыстырылды. 156 мектеп жөндеуден өтті.

Мемлекет басшысы облыс басшылығына барлық инвестициялық жобаларды жоспарланған мерзімде аяқтауды, астық жинауды оңтайлы мерзімде жүргізуді, сондай-ақ «Жол картасын» жүзеге асыруға бөлінген қаражатты толық көлемде игеруді тапсырды.

- Бүгінде, жыл басымен салыстырғанда, облыстың барлық өнеркәсіп кәсіпорындары өнім шығару жөнінде 2008 жылғы көлемге қол жеткізіп отыр. Кәсіпорындар еңбекақы көлемін арттырып, сыйақы төлей бастады. Іс жүзінде қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейтін адам қалған жоқ. Мамандарды амалсыздан демалысқа жіберу деген жоқ. Бұл өңірдің экономикасы орнығып келе жатқанын көрсетеді, - деді облыс әкімі журналистермен болған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар