Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңдарға қол қойды.
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.