Жаңалықтар

23 тамыз 2010
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұртай Әбіқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин ҰҚК ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

- Сіздердің баршаларыңыз оны білесіздер, сіздер ұзақ жылдар бойы бірге қызмет атқардыңыздар. Елбасы қойған барлық қызметтерде Нұртай Әбіқайұлы жоғары сенімді ақтай білді. Мемлекет басшысы оның бұл қызметтің де үдесінен шығарына және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алдына қойылған барлық міндеттерді толық орындайтынына сенім білдіреді, - деді А. Мусин.

Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділ Шаяхметовке алғыс айтты. 

Жарлықтың мәтінін мына жерден қараңыз


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар