Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 қыркүйек 2007
Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның бірінші ұйымдастырушылық отырысы өтті.

Мемлекеттік хатшы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекетке сіңірген еңбегі үшін берілетін жоғары марапат екенін еске салды. Екі жылда бір рет Тәуелсіздік күні қарсаңында отандық ғылымның дамуына қосқан зор үлестері үшін берілетін бұл сыйлықты лауреаттарға Елбасы табыс етеді.


- Қазақстанда мықты ғалымдар мен зерттеушілер бар. Біздің міндетіміз олардың әлеуетін мойындау және таланттары мен жемісті шығармашылығын ашу үшін барынша жағдай жасау болып табылады, - деді Мемлекеттік хатшы Комиссия отырысының ашылуында.


Биыл 2007 жылғы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлыққа 29 үміткерден өтініш түскен. Комиссия аталған сыйлыққа ұсынылған үміткерлердің еңбектерінің тізімі мен Комиссияның 2007 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.


Комиссияның жұмыс органы болып Білім және ғылым министрлігі бекітілді, оған Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған еңбектерге мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жасауды ұйымдастыру тапсырылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар