Жаңалықтар

6 мамыр 2010
Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында елорда маңындағы Ильинка кентіндегі әскери қалашықта және әскери бөлімде болды.

01

Мемлекет басшысы Ильинка кентінде сарбаздарды Отан қорғаушылар күнімен, екінші дүние жүзілік соғыстағы Жеңістің 65 жылдығымен құттықтады және Ақмола гарнизонының әскери қызметшілеріне коттедж типті тұрғын үйдің кілттерін табыс етті. Бұл күні 11 көп балалы әскери  қызметшілердің отбасы жаңа қонысқа ие болды. Барлық коттедж ішінара жиһаздармен қамтамасыз етілген, көлік қоятын орны бар аула 10 сотық алаңды құрайды.

Ақмол кентінде орналасқан әскери бөлімде Президентті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысын зениттік-зымырандық  дивизионның шартты әуе нысанын жою іс-қимылдарымен таныстырды. Сондай-ақ әуе қарсыласының соққысына тойтарыс беретін көп мақсаттағы зымыранды кешен жауынгерлік есеп тобының іс-қимылдары көрсетілді.

Мемлекет басшысы авиацияның жауынгерлік тапсырмалардан кейін ұшып келу шараларын бағалады. Әуе шеруінде армиялық авиацияның Ми-17 тікұшағы, екінші буындағы қос Су-27 ұшағы және заманауи екі МиГ-31 истребителі сап түзеді.

Президент шатырлы қалашықта бейресми жағдайда әскери бөлімнің жеке құрамымен жүздесті. Мемлекет басшысы мен әскери  қызметшілер бірнеше әскери әндерді, соның ішінде «Катюша» әнін орындады. Одан кейін еліміздің Президенті дала асханасынан дәм татты.   


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар