Жаңалықтар

2 қыркүйек 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Министр Президентті Қазақстан білімі мен ғылымын дамытудың перспективалық бағыттары мен ағымдағы жұмысы туралы хабардар етті.

Биылғы жылғы 1 қыркүйекке «100 мектеп» бағдарламасы бойынша 25 мектеп пайдалануға берілді. Тағы 19 мектеп жылдың соңына дейін берілетін болады. Ағымдағы жылы орта оқу орындарын жөндеуден өткізуге 27 миллиард теңге бөлінді. 2 мыңға жуық мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілді, тағы 5 мың мектеп ағымдағы жөндеуден өтті. 58 жаңа балабақша пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалық мектептері Көкшетау мен Семей қалаларында ашылды. Жылдың соңына дейін тағы біреуі Астанада ашылады.

- Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы білім сапасын арттыру қажеттігіне назар аударды. Осыған байланысты тұрақты түрде оқытушылар аттестациядан өткізілетін болады. Біздің жастарымыздың білім сапасы оқытудың сапасына байланысты, - деді Жансейіт Түймебаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар