Жаңалықтар

4 желтоқсан 2008
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің президенті Томас Мировты қабылдады.
big-001.jpg

Кездесуде әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның Еуропалық Қайта құру және Даму банкімен шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы өзара іс-қимылының мүмкіндіктері талқыланды.


Томас Миров банктің алдағы уақытта да Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендігін атап көрсетті.


Еуропалық банк ынтымақтастық жылдары ішінде Қазақстан экономикасына шамамен 5 млрд. доллар инвестиция салған. Соның нәтижесінде 100-ден астам жоба қаржыландырылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар