Жаңалықтар

5 мамыр 2010
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты Достастыққа мүше мемлекеттердің халықтарына және әлем жұртшылығына үндеуі

2010 жылғы 9 мамырында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің халықтары Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқы Жеңісінің 65 жылдығын атап өтеді. Бұрын-соңды болып көрмеген аса ауыр да қатыгез соғыста Кеңес Одағының көпұлтты халқы және оның Қарулы Күштері өз Отанының азаттығы мен тәуелсіздігін сақтап, әлемнің көптеген елдерін фашистік езгіден құтқарып қалды.

Майданда және тылда біздің халықтарымыз жанқиярлық пен жаппай қаһармандық көрсетіп, патриоттық пен интернационалдық өнегесін, көз көріп, құлақ естімеген қайсарлық танытты, онсыз жеңіске жету мүмкін емес еді. Мұндай қайсарлықты тарих білген емес. Жеңіске деген мұндай ерік-жігерді де білген емес.

Жыл өткен сайын біздің халықтарымыз жасаған ерліктің өнегесі сөнбейді. Уақыт бізден бұл оқиғаны алыстатқан сайын болашақ үшін қасқайып тұра білген Жеңіс солдаттары атқарған тарихи миссиясының мән-маңызы солғұрлым жарқырай көрінеді. Сондықтан да Достастыққа мүше мемлекеттердің халқына және әлем жұртшылығына сөз арнай отырып, қазір біз өз мемлекеттерімізде аман-сау жүрген ардагерлерге «рахмет» дейміз. Біз жеңімпаз қаһармандарға сөзбен ғана емес, сонымен бірге нақты іспен де құрмет көрсетуге, соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерін күнделікті қамқорлыққа бөлеуге, оларға көңіл бөліп, жайлы тұрмыс жағдайларын жасауға шақырамыз.

9 мамыр – Жеңі күні – біздің адамдар үшін әділдік салтанат құрған, мақтаныш және осынау шексіз қатыгез де сұрапыл шайқаста опат болған милиондарды жалпыхалықтық аза тұту күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлікпен қаза тапқандардың есімдері біз үшін қасиетті де қастерлі. Өз өмірлерін Отан үшін, демек - біздің азаттығымыз үшін құрбан еткендердің алдында өтелместей қарыздармыз.

Біз әлемді фашизмнен құтқарып қалған солдаттар мен тыл еңбеккерлерінің қаһармандығын ұмытпаймыз. Сондықтан да өз Отанының азаттығы мен тәуелсіздігі үшін қаза тапқандарды қасиеттеп есте сақтауға, жауынгерлік қорымдарды, мемориалдық кешендерді, ескерткіштер мен обелисктерді, сондай-ақ партизандардың, астыртын жұмыс істегендер мен фашистік лагерлер тұтқындарының молаларын сақтау және күтіп ұстау жөнінде тұрақты қамқорлық көрсетуге; Ұлы Отан соғысы жылдарында фашистік басқыншылардың қолынан опат болған жауынгерлер мен бейбіт азаматтардың мүрделері қалдықтарын іздестіруді белсенді жүргізуге шақырамыз.

Біз Жеңісті өзіміздікі немесе бөгденікі деп бөлмейміз, фашизмге қарсылық көрсеткендердің ерлігіне әрқашан құрмет білдіреміз. Біз антигитлерлік коалициядағы одақтастарымыздың Жеңіске қосқан үлесін, бізге көрсеткен көмегін есте ұстаймыз. Алайда, барынша ауқымды және сайып келгенде, басты оқиғалар кеңес-герман майданында болды. Соғыс жалдарында біздің елдеріміз ондаған миллион азаматтарынан айырылды. Майдан даласында қаза тапқандардың арасында барлық ұлттың адамдары бар еді.

Біздің мемлекеттеріміздің халықтары жеңіске жетуге шешуші үлес қосқанын ескере отырып, біз өскелең ұрпақтың бойында ортақ қаһармандық тарихымыз және фашизммен күрестегі ұлы ерлігіміз үшін мақтаныш сезімінде тәрбиелеуге шақырамыз.

Халықаралық құқықтың ортақ қағидаттары мен нормаларын, БҰҰ Жарғысы мен Хельсинкидің Қорытынды актісінің қағидаларын жақтайтынымызды қуаттай отырып, біз әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуда белсенді өзара ықпалдасуғы, халықаралық лаңкесшілдікпен және экстремизммен күрестегі күш-жігерді арттыруға, қазіргі бар қақтығыстарды бейбіт саяси реттеуге және мүмкін болатын қақтығыстардың алдын алуға шақырамыз. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар