Жаңалықтар

19 маусым 2008
Токиода Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы сапары аясында қазақстандық делегация мен Жапонияның іскер элитасы өкілдеріне қонақасы берілді.

Қазақстан Президенті қонақасында сөйлеген сөзінде бүгінгі дүниеде әлемдік өндірістің орталықтары ғана емес, әлемдік тұтынудың орталықтары да дамушы елдер базарларына, соның ішінде Азия базарларына да бірте-бірте ауысып бара жатқанын айтты.


Қазір жер жүзіндегі ірі трансұлттық компаниялардың үштен екі бөлігіне жуығы өз бизнесін Азияда өрістетуді көздеп отыр. Ондағы елдердің арасында Қазақстан да бар.


Қуат көзіне, технологияға, нарықтарға деген қолжетімділікке бәсекелестіктің артуы компаниялардың бір-біріне бірігу, қосылу үрдісін байқатып отыр.


Бұл үрдіс Қазақстанда да айқын белсенділіке иеленіп келеді. Егер 2004 жылы қазақстандық кәсіпорындарды сатып алудан түскен келісімнің жалпы құны 700 млн. долларды құраса, 2007 жылы Қазақстандағы кәсіпорындардың бірігу және қосылу нарығынығ жалпы көлемі 9 миллиард долларды, яғни ІЖӨ-нің он пайызынан артығын құраған.


Бұл көрсеткіштер инвесторлардың өсудің жаңа мүмкіндіктерін іздеп, оны Қазақстаннан тауып отырғандығын аңғартады. Өйткені Қазақстанда оларға ең тамаша мүмкіндіктер қарастырылған.


Президент жапон инвесторларын Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.


- Қазақстанды көршілес ірі рыноктарға – Ресейге, Орталық Азияға, Иранға, Пәкстанға, Кавказға енудің негізгі жолы ретінде қарастыруды ұсынамын. Біздің бағалауымыз бойынша көршілес елдердің нарығының мүмкіндігі бес жүз миллионнан астам адамды құрайды, - деді Н.Ә.Назарбаев.


Президент сөзінің мәтінінқараңыздар.


Бүгін Президенттің Жапонияның аса ірі компанияларының басшылармен екіжақты кездесулері болып өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар