National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Өкімімен Жәмила Юсупжанқызы Әбдіқадырова Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы М.Б.Қасымбеков Архив ұжымына жаңадан тағайындалған директорды таныстырып, жұмысына зор жетістіктер мен табыстар тіледі.

Ж.Ю.Әбдіқадырова Президент архивінде 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп, қатардағы маманнан директордың орынбасарына дейінгі барлық қызмет сатысынан өтті.

Сондай-ақ, М.Б.Қасымбеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы атынан Архивтің бұрынғы директоры Борис Әликенұлы Жапаровқа мінсіз қызметі және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін алғыс білдіріп, оған ведомстволық марапат – «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісін табыс етті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару