National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Арманұлы Ерғалиев

Әсет Ерғалиев 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік саясат экономикасы саласында бакалавр дәрежесімен, сондай-ақ халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен бітірген.

2009 жылы Йорк университетін, 2010 жылы Ноттингем университетін (Ұлыбритания) бітіріп, экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған.

2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қаңтарға дейін Лондондағы Еуропа қайта құру және даму банкі Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы ретінде еңбек еткен.

2013 жылғы қаңтардан 2016 жылғы маусымға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма Төрағасы қызметтерін атқарды.

2016 жылғы қазан-желтоқсан аралығында – «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.

2016 жылғы желтоқсаннан 2017 жылғы тамызға дейін  – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2017 жылғы тамыздан 2018 жылғы қыркүйекке дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі.

2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

2019 жылғы наурыз-тамыз аралығында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары ретінде қызмет атқарды.

2019 жылғы тамыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды.

2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Ұлттық экономика министрі.

2022 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қыркүйекке дейін – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 27 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2024 жылғы 03 наурыз

Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2024 жылғы 13 ақпан

Д.М. Малахов туралы