Бөлімдер санаты

Нормативтiк құқықтық актiлер

Жарлықтар
18 шілде 2019
Қазақстан Республикасының Таллинн қаласындағы (Эстония Республикасы) Консулдығын қайта ұйымдастыру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Таллинн қаласындағы (Эстония Республикасы) Консулдығы қайта ұйымдастырылсын. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                              Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 18 шілде

        

                                   № 70


Барлық нормативтік құқықтық актілер
 
Другие указы
Все указы