National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші ҚСЗИ Ғылыми Кеңесінің отырысына қатысты

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Ғылыми Кеңесінің қорытынды отырысына қатысты.

Жиын барысында ҚСЗИ-дің директоры Еркін Тұқымовтың институттың 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2023 жылға арналған жоспарларына қатысты баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар ҚСЗИ директорының орынбасарлары С.Көшкімбаев, А.Жолдыбалина, Б.Әбеновалар ғылыми мекеменің қызметіндегі негізгі мәселелер мен мақсат-міндеттері жайында есеп берді.

Мемлекеттік кеңесші өз сөзінде ҚСЗИ мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарын сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеуде маңызды миссия атқарып келе жатқанын атап өтті.

Ерлан Қарин ҚСЗИ өзінің кадрлық әлеуетін алдағы уақытта да арттыра беруі, аймақтағы сарапшылар қауымдастығымен қарым-қатынасты бекіте түсуі, зерттеу тәсілдерін жетілдіруі, оның ішінде әлеуметтік зерттеулерді кеңейтуі қажет екенін айтты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 05 желтоқсан

Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

2023 жылғы 08 желтоқсан

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 08 желтоқсан

Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы