27 қаңтар 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев «Al Nowais Investments» компаниясының Басқарма төрағасы Хуссейн Әл Новейспен кездесті


Қазақстан Президенті «Al Nowais Investments» компаниясының Басқарма төрағасы Хуссейн Әл Новейспен кездесті.

Біріккен Араб Әмірліктерінде ғана емес, Таяу Шығыс аймағындағы ең ірі инвестициялық ұйым саналатын «Al Nowais Investments» көпсалалы бизнес жүргізіп отырған компания. Оның жылдық айналымы 1 миллиард доллардан асады.

Хуссейн Әл Новейс Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және тағы да басқа салалар бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы мағлұмат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңартылған энергия көздеріне инвестиция салып, аталған саланы ілгерілетуді қолға алғанына, 2013 жылдан бері мемлекеттік жасыл экономика тұжырымдамасының іске асып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша көптеген жобалардың атқарылғанын атап өтті.


Барлық жаңалықтар