National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы қатысушыларының ел азаматтарына үндеуі.27.04.2012ж.


Құрметті отандастар!

Қазақстан экономика және әлеуметтік саланы түбегейлі жаңғыртудың шешуші кезеңіне аяқ басып, үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту, ұлттық бірлікті нығайту міндеттерін іске асыруда.

Ұлт Көшбасшысы, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты шарты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан мен оның тұрғындарының маңызды әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін шешуге арналған он жаңа стратегиялық бағытты ұсынды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздің әрбір азаматының мүддесін көздейтін Жолдаудың негізгі бағыттарын толықтай қолдайды.

Елбасы, әлеуметтік жаңғыру – Қазақстандағы барлық жауапты күштер қызметіндегі басты мәселе екендігін, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту - әлеуметтік жаңғыртудың маңызды шартына айналуы тиістігін ерекше атады.

Ассамблея, ішкі тұрақтылық пен орнықтылықтың мәні әлемдік дағдарыс жағдайында ерекше арта түсетінін атап көрсетеді.

Қазақстан тәжірибесі – барлық сынақтарды тек халықтың бірлігі арқылы жеңуге болатынын көрсетіп отыр. Бұл уақыт таразысымен дәлелденген.

Ассамблеяның қазіргі міндеті – бейбітшілік пен келісім мәселелері бойынша азаматтық қоғамды жалпыұлттық ұйыстыру институтына айналу.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ жеріндегі тыныштық пен бейбітшілікті сақтау үшін, Отанымыздың барлық азаматтарын аянбай күш салуға шақырады.

Ассамблея, Отан игілігі үшін, қазақстандық патриотизм мен ел болашағына жауапкершілік сезімін қалыптастыру үшін барлық күшті біріктіруге шақырады.

Ұлттық бірлік, қоғамдық келісім мен толеранттық Қазақстан халқына экономикалық, әлеуметтік өрлеу, демократиялық мемлекетті құру жолында жаңа белеске көтерілуге мүмкіндік береді.

Ассамблея, Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен, күш-жігерімізді аямай, күшті, болашағы жарқын, өркенді Қазақстанды құрамыз деп сенеді.

Астана қаласы, 2012 жылғы 27 сәуір