National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қалмұханбет Қасымов ТМД мүше-мемлекеттері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 7-отырысына қатысты

20 қараша күні Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше-мемлекеттері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 7-отырысына қатысты.

Жиын барысында ТМД кеңістігінде қауіпсіздікке және тұрақтылаққа бағытталған қазіргі сын-тегеурін мен қауіп-қатерлер жағдайындағы өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Соның ішінде шетелдік лаңкестерден төнетін қауіп-қатерлерді бейтараптау бағыттарды арттыруды және оларды ТМД елдерінің аумағына кіргізбеу жөніндегі ынтымақтастықтың қажетті шаралары талқыланды. Химиялық және биологиялық қауіптер, Ауғанстандағы ахуал, киберқауіпсіздік саласындағы қазіргі тенденциялар бойынша пікір алмасты.

Қ.Қасымов Сирия мен Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуне байланысты бірлескен әрекеттерді, діни-экстремистік және террористік ұйымдардың ықпалы күшейгенін атап өтіп, «ТМД кеңістігінде сыртқы қауіп-қатерлерді бағалау туралы» баяндама жасады.

Қалмұханбет Қасымов шара барысында Беларусь Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы С.Засьпен, Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Х.Мохибпен, Өзбекстан Президенті жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы В.Махмудовпен және Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы А.Григорянмен екіжақты кездесулер өткізді.

Тараптар өңірлік және әлемдік қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасып, аталған бағытта ынтымақтастық орнату барысын талқылады. Сондай-ақ ынтымақтастық бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 27 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2024 жылғы 03 наурыз

Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2024 жылғы 13 ақпан

Д.М. Малахов туралы