National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті

2023 жылғы 30 наурыз

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған өзінің хатында Түркияның  Қахраманмараш провинциясы мен басқа да елді мекендеріне орасан зор зардабын тигізген жойқын жер сілкінісіне байланысты бауырлас елдің қайғысына ортақтасып, көңіл айтқаны, сондай-ақ жедел көмек көрсеткені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия халқының  және жеке өзінің атынан алғыс айтқан.

«Осындай  табиғи апат кезінде достас елдердің жанымыздан табылуы  қиындыққа қарсы  тұруға  күш береді. Қазақстанның берген жәрдемі жер сілкінісінің ауыр салдарымен күрес кезінде халқымызға зор қолдау болды. Еліңіздің іздестіру-құтқару тобы үйінді астында қалған адамдарды аман сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп, ерік-жігер танытқанын әрдайым ризашылықпен еске аламыз», – деп жазылған алғыс хатта.

Сонымен қатар Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа және  достас әрі бауырлас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің