National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қырымбек Көшербаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді

Биылғы 21 қазанда Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн форматта әдебиет және өнер саласы бойынша 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Комиссия отырысында әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша байқаудың екінші кезеңіне өткен 11 жұмыс қаралды.

Отандық шығармашылық зиялы қауым өкілдерінен құрылған Комиссия мүшелері конкурстың екінші кезеңіне өткен шығармалардың қоғамда талқылану барысы жөніндегі Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың ақпаратын тыңдады.

Комиссия жасырын дауыс беру арқылы әдебиет және өнер саласы бойынша 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын иеленетін үміткерлерді анықтады. Олардың тізімі Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын болады.

Дәстүр бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегерлерін марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 07 маусым

Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

2023 жылғы 10 маусым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2023 жылғы 10 маусым

С.Д. Шәріпхановты тағайындау туралы